7.08.2018, 9:58
Қараулар: 366
Сыбайластықтың салдары ауыр

Сыбайластықтың салдары ауыр

Бейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиын мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне, соның ішінде, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналды.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің қызметкері Самат Исқалиев бұл мәселенің жай-жапсарына жіті тоқталды. Жүктелген жауапкершілікті сезініп, тиісті ережелер мен қағидаларды сақтаудың қажеттілігіне, ірілі-ұсақты сыбайлас жемқорлыққа жол бергендердің барлығы да мемлекеттік қызметтен шеттетілетініне көпшіліктің назарын аударды. Басқосуды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев елімізде жүзеге асып жатқан реформалар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға және мемлекеттік менеджменттің халық алдындағы абырой-беделін көтеруге бағытталғандығын сөз етті. Сонымен қатар осы мақсаттардың орындалуын және әдеп кодексі талаптарының бұзылмауын қадағалауды әдеп жөніндегі уәкіл аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашевқа жүктелгенін де жеткізіп, атқарылған жұмыстардың бірқатарын баяндады.

Жиынға қатысушы мекеме, бөлім басшылары, қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілер бейнероликтегі нақты мысалдар арқылы сыйбайластықтың салдары тым ауыр екеніне куә болды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар