Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2017 жылғы жер мен мүлік салығын төлеу уақыты келгенін еске салуда. Төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.
Жеке тұлғаларға жерге және мүлікке хабарлама хаттарын таратылу жұмыстары жүргізілуде , егер хабарлама келмеген жағдайда азаматтар Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп немесе 8(71140)21233, 8(71140)21232 телефондары арқылы салықтарының соммасын білуге болады. Төлемді кез келген терминалдар арқылы және «Казпошта» АҚ-ның барлық филиалдарында комиссиясыз төлеуге болады. Уақытылы төленбеген салық соммасы үшін күнделікті 1,5% өсімпұл есептелінеді.
Бөкей ордасы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы