21.11.2019, 15:59
Қараулар: 578
ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ – ЕКІ ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНДА

ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ – ЕКІ ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНДА

Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазақавтожол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы, шекарашылар, БҚО көлік инспекциясы, Бөкей ордасы ауданы әкімшілігі өкілдерінен тұратын топ ресейлік әріптестермен кездесті.

Бұл кездесу Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы форум аясында қос президент Қ.Тоқаев және В.Путиннің кездесуінен кейінгі тапсырмаларға байланысты облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің арнайы өкімімен іске асты.

– Екі мемлекет басшысы күні кеше 7 қарашада Омбыда кездескенінен хабардарсыз. Осы кездесуде көршілес елдердің өндірістік кооперация мен ауылшаруашылығындағы ынтымақтастығына қатысты келелі мәселелер қозғалған еді. Кездесу нәтижесі бойынша 8 қарашада шұғыл тапсырма беріліп, екі елдің ресми өкілдері шекара басында кездесу өткізіп, акт ресімдедік. Құжат министрлікке жолданды. Бұл қыруар жұмыстың бастамасы. Шекара бекетін ашу, мамандармен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деген көптеген шаруалар қолға алынбақ. Ең бастысы,  «Молодость» жеңілдетілген өткізу пунктін екі жақты өткізу пунктіне айналса, сауда қатынасы дамып, ет экспорты жолға қойылар еді. Туризм жұмысы жанданар еді. Тарихтан белгілі Бөкей хандығы мен Астрахан тамыры бір, түбі бір ел. Ресейдегі ең үлкен қазақ диаспорасы осы елде. Тек қандасымыз емес, ағайын жұртымыз осы көрші елде. Ағайындық қарым-қатынасымыз, бауырлық тініміз үзілмей, беки түсер еді. Күтетін нәтижеміз  осындай,- дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин.

Өз тілшіміз

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар