12.12.2019, 18:13
Қараулар: 542
САЙҚЫН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

САЙҚЫН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Өткен бейсенбі күні Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттары Сайқын ауылдық округі әкімін сайлады.

Бөкей ордасы ауданының мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов аудан әкімдігінің үлкен залына жиналған халық қалаулыларын күн тәртібімен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Бағдат Лұқпанов әкімдікке үміткерлермен және сайлау тәртібімен таныстырды. Өз таңдауларын оқшауланған кабинада жасаған депутаттар дауыстары аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен есептеліп, төмендегіше сараланды. Сонымен ауданымыздағы 12 депутаттың 8% Қуаныш Дүйсекешевке дауыс берсе, 25 %-ы бұл орынға Исатай Оз, ал, дені яғни, 67%-ы үміткер Нұргүл Омаровны лайық деп таныған.

Осылайша басымдықпен бүгінгі таңда Орал қаласындағы №16 жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүрген тумысы сайқындық Нұргүл Жігерқызы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Раушан ЖАНАТ