27.11.2020, 10:45
Қараулар: 178
БӨЛІМГЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӨЛІМГЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың №106 өкіміне сәйкес Жалғас Ташуов аталмыш бөлім басшысының уақытша міндет атқарушысы болып тағайындалды.

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов жаңа басшыны ұжыммен таныстырып, Жалғас Есқайырұлына сеніп тапсырылған қызметті абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді.

Жалғас Есқайырұлы Ташуов 1988 жылы 13 мамырда Сайқын ауылында туған. Білімі жоғары. БҚАТУ-дан «машина жасау» мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 2009 жылы аудандық жер қатыныстары бөлімінде «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы негізінде машықкер боп бастаған.  2009-2013 жылдары «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы. 2013-2016 жылдары Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман; 2016-2017 жылдары кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалында менеджер-кеңесші. 2017 жылдан бүгінге дейін Мұратсай ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарды.

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар