27.11.2020, 11:06
Қараулар: 368
КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVII сессиясы өтті.

Аудандық мәслихат депутаты Жалғас Әшенов төрағалық еткен аталмыш жиынға халық қалаулыларымен қатар  аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов және бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Сессия барысында аудан мәслихатының 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы № 34-2 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар  бірқатар жерлестерімізге ауданымыздың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысы ортаға салынды. Жиын соңында жерлестеріміз Бақытжан Оразғұлов, Нұрболат Жанғалиев, Сайфетден Қожантаев, Рақымжан Шәкіржанов және Серік Мұхамбетшин жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметтері үшін «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін деген шешім қабылданды.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ