26.02.2021, 13:07
Қараулар: 227
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Төтенше жағдайлар бөлімі 2021 жылдың 1 ақпаны — 1 наурыз аралығында азаматтық қорғаныс айлығын жариялады. Айлық аясында кешенді сақтық шаралар жүзеге асырылды.

Ақпанның 15-інде төтеншеліктер №19 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп,  М-С.Бабажанов атындағы мектептің 9,10,11-сынып оқушыларына саяхат ұйымдастырды. Өрт сөндіру бекетінің қызметімен, өрт сөндіру құрылғылары мен өрт сөндірушілердің құрал-жабдықтары, түрлі техникалармен, әскери тәртіп режимімен таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Азаматтық қорғаныс сигналдарын қабылдау кезіндегі іс-әрекеттер, эвакуациялау тәртібі, азаматтық қорғау бөлімшелерінің әрекеттері нақтыланды. Сонымен қатар, оқушыларға «Халыққа ескерту», «Сигнал» «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау» тақырыптарында да үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, іс-шара соңында жадынама парақшалары таратты.

Анар АРТЫҚБАЙ