9.06.2015, 7:48
Қараулар: 205
Орташа балл – 83,6

Орташа балл – 83,6

image88994


Кеше облыстық білім басқармасы өкілдері биылғы ҰБТ қорытындысы жөнінде брифинг өткізді.


– ҰБТ биыл да облыстағы 9 тестілеу пунктінде өтті. Оның жетеуі аудандарда, екеуі облыс орталығында. 4581 мектеп бітірушінің 3116-сы, яғни 68 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл – 83,6 (былтыр – 82,2). Орташа балл бойынша Қазталов, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандары төмен нәтиже көрсетіп  отыр.

Облыста биылғы 39 түлек – түрлі халықаралық деңгейдегі білім сайыстарының қатысушылары, жеңімпаздары министрлік бұйрығымен ҰБТ-дан босатылды. «Алтын белгіге» үміткер 235 түлектің 120-сы өз білімін дәлелдеді. «Ерекше аттестатқа» 98 үміткердің 32-сі білімдерін қорғай алды, – деді білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова.

ҰБТ-ны өткізу ережесіне сай, «Алтын белгі» иегеріне бір пәннен 1 балл жетпей қалса, «Ерекше аттестат» берілетін еді. Биыл 21 түлекке тап осылай 1 балл жетпей қалған. Сондықтан «Ерекше аттестат» иегерлерінің жалпы саны 53 болмақ. Облыс түлектерінің 19,6 пайызы, яғни 611-і – 100-ден асыра балл жинағандар. Облыс бойынша 12 түлек апелляцияға өтініш беріп, олардың 8-іне 1 балдан қосылған. ҰБТ нәтижесі есепке алынбай тасталған түлек жоқ. 50 балл шекті деңгейден 300 түлек өте алмаған. Бұл – қатысушылардың 9,6 пайызы. Ал облыста ең жоғарғы 125 балды жинаған жалғыз оқушы – Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясының түлегі Сымбат Самат.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар