25.06.2015, 7:26
Қараулар: 358
Сақшылардың САЛТАНАТТЫ ШЕРУІ

Сақшылардың САЛТАНАТТЫ ШЕРУІ

2


23 маусым – Қазақстан полицейлерінің кәсіби мерекесі күніне орай қаламыздағы Жеңіс алаңында тәртіп сақшыларының салтанатты шеруі өтті.


Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдастырған шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, Қазақстан Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров сала қызметкерлерін кәсіби  мерекелерімен  құттықтады.

Салтанатты шеруде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау жеделхаты оқылды. Қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындағандары үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ішкі істер департаментінің 10 қызметкері және аталмыш департамент басшысының бұйрығымен 400 қызметкер түрлі марапаттауларға ие болды. Сондай-ақ қала әкімі Алтай Көлгінов бірқатар қызметкерлерге алғысхат табыстады.

Шара соңында 20 жас қызметкер ант қабылдады.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар