21.10.2015, 11:45
Қараулар: 281
А.А.Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

А.А.Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

г-53 айымбетовҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан. №102