17.11.2015, 10:48
Қараулар: 549
Келіндер сайысы

Келіндер сайысы

Хан Ордасы ауылының Мәдениет үйінде ауыл келіндерінің арасында «Үлгілі келін «атты сайыс өтті. Бұл игі шараға төрелік еткен аяулы аналарымыз отбасы және балалар ісі жөніндегі қоғамдық ұйымның төрайымы Алтын Хайырова және  зейнеткер-ұстаз, ісмер әже Жаңыл Байзоновалардың қатарында мен де болдым.

Сайыска Ғабдушевтер әулетінен Айгерім Тінәлиева, Бердіғалиевтерден Аяулым Шәмелова, Оразгелдиевтерден Әсемгүл Насимоллина және Зұлхарнаевтардан Ұлжан Саруова қатысты.

«Өзін таныстыру«, «Өнерін көрсету«, «Сұрақ-жауап«, «Үй тапсырмасы»,»Тапсырма» атты турлардан тұрған сайыста қатысушылар ұстамдылығын, сыпайылығын, ептілігін паш етіп, бесаспап шеберліктерімен көпшілікті тәнті етті. Олардың бұл қылықтарына сүйсініп қана қоймай, дән риза болған біздер әркайсысы өз отбасының ұйтқысы, мейірім мен шапағаттың қайнар көзі, бақыт кілті екендіктеріне куә болдық. Осылайша, келіндеріміз «Өнерлі келін», «Өнегелі келін», «Ибалы келін», «Парасатты келін» номинацияларымен марапатталды. Бұл бір көңілді жадыратар, ұлағаты мол кеш болды.

Мақпал ҒҰБАШЕВА,

«Нарын» әжелер ансамблінің мүшесі.