7.12.2015, 11:15
Қараулар: 345
Дара һәм дана тұлға

Дара һәм дана тұлға

н-53Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Бисен ауылдық Мәдениет үйінде «Дара тұлға – дана тұлға» атты мерекелік бағдарлама оздырылды. Мемлекеттік Гимн ойналды. Округ әкімі Қайырсапа Саматовтың құттықтауынан кейін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаңылсын Отарбаева «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», ауылдық кітапханашы Лунара Сембиева «Ерен тұлға – Елбасы» тақырыбында баяндамалар оқып, Елбасы саясатының дұрыстығын, оның ірі мемлекеттер мойындаған саяси саңлақ, дара тұлға екенін жеткізді. Слайд арқылы бейнебаяндар көрсетілді.

Ауыл көркемөнерпаздары мен мектеп оқушылары дайындаған концертте Елбасының шығарған әндер орындалып, Елбасыға арналған жырлар оқылды. «Сұлу» би үйірмесінің бишілері өнер көрсетті. Жас ақындар балаң жырларын төгілтті. Фойеде «Елбасы» атты кітап инталляциясы, кітап көрме жасақталды. Концерттік бағдарламадан соң мектеп спорт залында жарыстар ұйымдастырылды. «Намыс дода» сайысына «Болашақ» (кәсіпкерлер), «Достық» (мектеп жанындағы интернат), «Қыран» (мәдениет үйі), «Қырандар» (балабақша), «Қайсар» (әкімшілік), «Тұлпар» (мектеп) топтары секіргішпен секіріп, арқан тартысып, асық атып, ләңгі теуіп, түрлі эстафеталық сайыстарға түсті. Онда «Тұлпар», «Қырандар», «Достық» тобы жүлделі орындардан, волейболдан І орынды «Тұлпар», ІІ-ні «Қайсар», ІІІ-ні «Қыран» тобы еншіледі. Ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталып, дипломдар табысталды. 60 жастағы Серік Құбиев «Үздік ойыншы» деп танылды.

Ертесіне Мәдениет үйі алдындағы алаңда «Елбасыға ел құрметі» атты халықтық серуен ұйымдастырылды. Тұрғындар Елбасыға деген лебіздерін, тілектерін ақтарды. Осы өткізілген мәдени-спорттық шараларға орта мектеп (А.Шамшединова, Е.Насыров), «Салтанат» балабақшасы (А.Қадірәлиева), мектеп-интернат (А.Құрақов) ұжымдары мен Е.Рахимов, Л.Сембиева, Ж.Сабыров, Б.Меңдешева сынды жандар белсене атсалысты. Оларға сүйікті газетіміз арқылы алғыс айтамыз.

Е.ЖОЛДЫҒЫЛИҚЫЗЫ.