17.12.2015, 18:42
Қараулар: 441
Жерлестер жеңісі

Жерлестер жеңісі

р-220-1«Космостық аппаратты Байқоңыр космодромындағы старттық алаңға темір жол арқылы жеткізу» макетін тек қана жасап қоймай, оны жоғары деңгейде қорғап шыққан бөкейліктер (Жәңгір хан атындағы орта мектеп) командасы Орал қаласында оздырылған жас зерттеушілер мен өнертапқыштардың «Импульс – 2015» атты облыстық турнирінде жүлделі І орынды жеңіп алды.

5-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған аталмыш турнирге аудан намысын арқалай барған құрамында Алуа Аманова, Айгерім Ахметкереева, Ізбасар Ахметкереев, Ақнұр Мұхитова бар жәңгірхандықтар (жетекшісі Г.Ысқақова) «Өнертапқыш теориясы мен тарихы» тақырыбындағы математика, физика, техника ғылымдарынан теориялық тест тапсырмаларын орындауда жақсы нәтиже көрсетсе, Айгерім төрешілердің шешімімен жеке дипломмен марапатталды. «Зерттеушілік пен өнертапқыштық жұмыстар» кезеңінде оқушыларымыз жоғарыда айтқан жұмыстарын көпшілікке ұсынса, турнирдің соңғы кезеңінде командаларға теориялық сұрақтар беріліп, бұл төңіректе де өз идеяларын, ойларын жеткізу талабы қойылды. Біздің команда осынау турдан да жоғары ұпай жинады.

Осылайша интеллектуалды турнирдің барлық кезеңдерінен үздік шыққан өрендеріміз белестің биігінен көрінді. Сонымен қатар бұл  оларды баулыған математика пәні мұғалімдері Т.Әжіғалиева, Ж.Әжіғалиева, физика пәні мұғалімдері Т.Арынова және команда жетекшісі Г.Ысқақовалардың еңбегінің жемісі.

Жеңістерің құтты болсын, жерлестер!

З.ҒАФУРҰЛЫ.

Суретте: А.Ахметкереева (оң жақта) жетекшісімен.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар