17.12.2015, 18:44
Қараулар: 307
Аттестациядан сәтті өтті

Аттестациядан сәтті өтті

Бес жылда бір рет өткізілетін аттестация бойынша Ш.Жексенбаев атындағы орта мектепке келген облыстық білім саласын бақылау департаменті жанынан құрылған мемлекеттік комиссия ұжым жұмысына оң бағасын беріп кетті. Аттестациялау барысында мемлекеттік білім стандартының сақталуы, бағдарламалардың орындалуы, есеп құжаттарының уақтылы, дұрыс толтырылуы, статистикалық есептер, пән бірлестіктері және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар, педагогтардың сапалық құрамы, пән кабинеттерінің жасақталуы тексеріліп, 4, 9, 11-сынып оқушыларының білім дәрежесі де анықталды.

Айта кетелік, қазақ тілі мен математика пәндері бойынша өткізілген тестілеуде 4-сынып оқушыларының 89,3, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, физика пәндері бойынша 9-сынып оқушыларының 81,5 пайызы, қазақ тілі, дүние жүзі тарихы, химия, алгебра  бойынша 11-сынып оқушылары 100 пайыз оң нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, комиссия мектеп ұжымының бірлігі мен ұйымшылдығын, құжаттардың уақтылы ұсынылуын ерекше атап өтті.

Жақсының жақсылығын біз де көпшілікке жеткізуге асықтық.

Зинур МҰХТАР,

аудандық әдістемелік

 кабинеттің әдіскері,

мектеп кураторы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар