5.01.2016, 11:34
Қараулар: 214
Жасыл шырша жанында…

Жасыл шырша жанында…

Жаңа жыл – менің бала көңіліме ерекше әсер етеді. Жыл сайын бұл сәтті асыға күтемін. Биыл облыс әкімі шыршасына қатысу мен үшін үлкен қуаныш болды. Тамаша!

Ең бастысы айтулы шара барысында өзім сияқты оқушылармен таныстым. Қызылды-жасылды балалар әлемі ерекше сұлуланып кеткендей. Жасыл шыршаның безендірілуі тіптен керемет! Жаңа тынысымыз ашылғандай, көңіл-күйіміз де көтеріліп қалды.

Облыс әкімі Нұрлан аға Ноғаевпен бірге суретке де  түстік. Мені осындай шараға жіберген М.Мәметова атындағы орта мектеп ұжымына, директорымыз Асылхан Аманғалиевке, сынып жетекшім Роза Есімоваға, сапарға апарып келген аудандық білім бөлімінің қызметкері Аяна Каринаға, медбике Айман Башпақоваға және автокөлік жүргізушісі Кенжебай Мақсотовқа алғысым шексіз.

Рома СОКОЛОВ,

5-сынып оқушысы.

Сайқын ауылы.