17.02.2016, 11:46
Қараулар: 243
Зейнетақы есептеудегі өзгерістер

Зейнетақы есептеудегі өзгерістер

д-15-Биылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджеттен зейнетақымен қамсыздандырылатын болды. Аталған шара 1998 жылға дейінгі кезеңде 10 жылдан аз уақыт әлеуетті құрылымдарда істеп, зейнеткерлікке шыққандардың зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатында істелуде. Бұрын олар бюджеттен толық көлемде зейнетақы алмаған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына мемлекеттік бюджет есебінен қызметкер табысының 20%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған (табысының 10%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылатын БЖЗҚ-ның басқа салымшыларын қоспағанда).

Енді 1998 жылғы 1 қаңтарда еңбек өтілімі 10 жылдан аз қызметкерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері қайта есептеліп, бұрын алған табыстарының толық көлеміне дейін ұлғайту көзделген. Ал, әскери қызметшілердің зейнетақыларын қайта есептеу үшін қойылатын талап – бұрын бюджеттен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50%-ын республикалық бюджетке қайтаруы. Ол үшін әскери қызметші зейнетақы жарналарын аударған тиісті уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша өтініш түсіреді. Өтінішке жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы қоса беріледі.

Зейнетақы жарналарының жартысымен есептелген инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшысы болып табылатын әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің жеке зейнетақы шоттарында қалады. Әлеуетті құрылымдар қызметкерлері зейнетақы жинақтарының қалған жарты бөлігін пайдалану құқығын зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы негіздер бойынша алады. Қандай да бір себептермен зейнетақы жарналары қайтарылмаған әскери қызметшілер де осы талаптармен зейнетақы төлемдерін иеленбек. Бұған қоса, әскери қызметшілердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тоқтатылады. 2016 жылдан бастап еңбек қызметінің жалпы өтілі кемінде 25 жыл болған, оның ішінде, 12 жыл 6 ай бойы үздіксіз әскери қызметте болған әскери қызметшілер еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шығады әрі республикалық бюджеттен төлем алады. Әскери қызмет үшін шетті жасқа келу, штаттардың қысқаруы немесе денсаулық жағдайы әскери қызметті тоқтатуға негіз болып табылады.

Енді салымшыларымызға мекемеміздің Тайыр Жароков көшесіндегі 11/1 үйге қоныс аударғанын да ескертеміз. Телефонымыз 21-6-04.

Б.БЕКБОЛСЫНОВА,

«БЖЗҚ» АҚ БҚОФ Сайқын елді мекеніндегі ҚКО басшысы.