17.02.2016, 11:53
Қараулар: 261
Саяси науқанға әзірлік пысықталды

Саяси науқанға әзірлік пысықталды

Парламент Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттардың сайлауы – ел өміріндегі елеулі саяси оқиға. Оған әзірлік басталып та кетті. Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар, хатшыларымен өткізілген жиналысқа ауылдық округ әкімдері мен кейбір мекеме басшылары да қатысты. Жиналысты ашып, жүргізген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов алдағы сайлаудың саяси маңызын атап көрсетсе, аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева сайлауға әзірлену, өткізу, биылғы науқанның бұрынғылардан ерекшелігі, үгіт-насихат, сайлаушылармен жұмыс, жұмыс кестесі, үміткерлерді, олардың сенімді өкілдерін тіркеу, тағы басқалар жайлы молынан түсінік берді. Аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының хатшысы Уағиолла Нұрғалиев негізінен дауыс берушілерді нақтылау, сол күні ауылда болмайтындарға есептен шығару талонын (открепительный талон) ұсыну жөнінде, ал, аудан әкімі аппаратының бас есепшісі Күләш Сыралиева сайлау комиссиялары мүшелеріне табель түсіру, еңбекақы төлеу және тағы да басқа қаржылық мәселелерді қозғады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақтияр Катчеков сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі, тосын жайлардың алдын алу жайын сөз етті.

Өз тілшімізден.