17.02.2016, 11:55
Қараулар: 334
«Нұр Отан» үміткерлерін үкіледі

«Нұр Отан» үміткерлерін үкіледі

«Нұр Отан» партиясы аудандық ұйымының кезектен тыс оздырылған ХVІІ конференциясының күн тәртібінде төмендегі үш мәселе талқыланды:

  1. «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның сайлауалды тұғырнамасы. (Баяндамашы: аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков).
  2. Аудандық мәслихаттың депутаттығына партиядан үміткерлерді ұсыну.
  3. Облыстық конференцияға делегаттар сайлау.

Аудандық аурухананың мәжіліс залында өткен бұл конференцияны аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ашып, жүргізіп отырды. Партия жарғысының 6-бабына сәйкес бастауыш ұйымдардан ұсынылған 56 делегаттың 53-і, сондай-ақ, партия, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, партия белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Тілеген Керейұлының баяндамасы тыңдалып, облыстық мәслихат депутаты Серік Мұханбетшин, Ұялы бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Оразғұлов партия тұғырнамасына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, ауданымыздағы ахуалға тоқталды. Елбасы, яғни, партия төрағасы белгілеген шараларды насихаттап, оның орындалуына атсалысу әр қазақстандықтың міндеті, борышы екенін атап көрсетіп, бөкейліктерді бірлікке, іскерлікке шақырды.

Конференция делегаттары аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі 12 округтің әрқайсысынан түсетін үміткерлерді де бірауыздан құптап дауыс берді. Ол үміткерлер:

№1. Жароков сайлау округінен Бибігүл Бектелеуова – М.Мәметова атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

№2. Жексенбаев сайлау округінен Самат Оңаев – аудандық электр торабының басшысы.

№3. Әзербаев сайлау округінен Тілеген Арыстанбеков – партияның аудандық филиалы төрағасының орынбасары.

№4. Мәмбет сайлау округінен Гүлнар Мұқанова – аудандық пошта байланысы торабының басшысы.

№5. Орда сайлау округінен Аягөз Түсіпқалиева – «Ақбота» ясли-бақшасының меңгерушісі.

№6. Бөлімше сайлау округінен Ғайса Мақымов – Бөкей Ордасы тарихи-музей кешенінің директоры.

№7. Мұратсай сайлау округінен Жалғас Әшенов – «Нарын жастары» ЖҚБ жетекшісі.

№8. Бисен сайлау округінен Ермек Меңдешев – «Пахман» шаруа қожалығының жетекшісі.

№9. Жиекқұм сайлау округінен Сағындық Сәрсенов – «Заман» шаруа қожалығының жетекшісі.

№10. Масин сайлау округінен Нағим Тәжімұратов – «Нарын» шаруа қожалығының жетекшісі.

№11. Құрманғазы сайлау округінен Серік Садықов – «Ұялы» ЖШС-і директоры.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық партия конференциясына 7 делегат сайланды.

К.ҒАЙСИН.