Өткен бейсенбіде оздырылған аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысын аталмыш кеңес төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева жүргізді.
Онда діни экстремизмнің алдын алу мақсатындағы жұмыстар жөнінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ержан Иманбаев пен Бөкей ордасы колледжі директоры Бағдат Лұқпановтың баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Кеңесте хаттамалық шешімдер қабылданып, 2016 жылға арналған жұмыс жоспары (хабарламашы – кеңес хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Асқар Әжіғалиев) бекітілді.
* * *
Осы күні өткен аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысына да Лариса Тельманқызы төрағалық жасады. Бұл басқосуда білім саласы басшысы Ержан Мақсотұлы аудан мектептерінде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ғайноллаұлы аудан орталығы – Сайқын ауылындағы мемлекеттік рәміздердің орналасуы және дұрыс пайдаланылуы хақында баяндады. Әрі комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, хаттамалық шешімдер қабылданды.
* * *
Аудандық мәдениет үйінде оздырылған Сайқын ауылы тұрғындарының бұл жолғы жалпы жиынында күн тәртібіне ұсынылған «Орда шекара» заставасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Д.Сабековтың «Ауыл тұрғындарының шекара тәртібін сақтауы туралы», аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ә.Ғаббастың «Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету туралы», Сайқын ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Д.Байбековтың «Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы», Сайқын ауылдық округінің әкімі Б.Насимоллиннің «Тазалық айлығы» жайында хабарламалары тыңдалды.
Одан бөлек Сайқын ауылы бойынша көше комитеттерін, бұрынғы М.Мәметова кеңшарының ізінде тұрғындардың ауылшаруашылық кооперативін құру, зираттарды қоршау мәселесі де қозғалды. Тұрғындар Н.Қадымов пен Ә.Исалиевтердің шекара, құқықтық тәртіптердің сақталуы, денсаулық сақтау жәйі жөнінде берген сұрақтарына да тиісінше жауаптар қайтарылды.
Сондай-ақ, ауыл әкімі Бисенбек Жамбылұлы тазалық айлығы ішінде өтетін сенбіліктер мен 15 сәуірде берілетін тасаттық садақа туралы жиналғандарды құлағдар жасады.