11.05.2016, 16:27
Қараулар: 302
Бастауыштағы сынақ

Бастауыштағы сынақ

2012-2013 оқу жылынан бастап Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп-балабақшасында оқушылардың «Жас ғалым» ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жұмыс істеп келеді. Жақында қоғамның ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Бұлақ көрсең – көзін аш» атты ғылыми-зерттеу конференциясы оздырылды. Онда 2 сынып оқушысы Нұрәлі Бадайтов «Ешкінің пайдасы», Досхан Есмұхан «Жылқы – малдың төресі», Бек Сергей «Тауық – үй құсы», Мирас Айтжұма «Мал өсірсең, қой өсір…», 3-сынып оқушылары Бекнұр Орынбай «Гүл – әсемдік белгісі», Аружан Наурыз «Сүт өнімдері», 4-сынып оқушылары Мирхат Құсайын «Табиғат таңғажайыптары» жайында баяндаса, Дәмегүл Қабдығали, Дильяра Есмұхан, Яна Сағын, Айжан Марат, Нұржол Нұрболат балдың және түрлі көкініс пен жеміс-жидектің пайдасы хақында өз тұжырымдарын айтты.

Оқушылардың ізденісі, көрермендерді сүйсіндіріп, ұстаздар қауымын, ата-аналарын да қуантып тастады. Үздік деп танылған Нұрболат Нұржолдың жобасына бас жүлде, Нұрәлі Бадайтовқа І, Мирас Айтжұма мен Мирхат Құсайыновқа ІІ, Дильяра Есмұхан, Яна Сағын және Бекнұр Орынбайға ІІІ орын берілді. Оларға Мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Нұрия СҰЛТАНОВА,

қосымша білім беру педагогі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар