11.05.2016, 16:39
Қараулар: 152
Туризм саласындағы игі істер

Туризм саласындағы игі істер

«Орал  өңіріндегі  балалар туризмінің 55 жылдығына арналған «Хрустальды шоқыр» жүлдесінің V облыстық байқауында «Балалар туризімін дамытудағы жергілікті атқарушы органдар ролі» номинациясында І орынды алған Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов марапатталады» деген мәтіндегі облыстық білім басқармасы басшысы жолдаған Диплом мен «Хрустальды шоқыр» статуэткасын жақында аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Иманбаев аудан басшысына салтанатты түрде табыстады.

Туристік-өлкетану және экологиялық бағытта жұмыс істейтін ұйымдастырушыларды, ұйымдарды, озат педагогтерді, өлкетану және экологиялық қызметтің дамуына аса жауапкершілікпен қарап, шын жанашыр болып жүрген талапшыл, іскер мамандарды анықтау және мадақтау мақсатында өткізілген осы облыстық байқауға қатысқан аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының педагогтерінің жетістіктері де сөз болып, оларға марапаттарын Нұрлан Сағынтайұлы ұсынды.

Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директоры К.Құрмашев «Үздік қосымша білім беру орталығы» номинациясында ІІІ орынды еншілесе, «Үздік туристік жорықтар және экспедициялар, маршруттар, саяхаттар жасағаны үшін» орталық директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ғұмаров ІІ, «Үздік қосымша білім беру педагогы» аталымында ордалық Б.Нұрмұханбетов ІІІ орыннан көрінді. Ал, аудандық «Орда жұлдызы» газетінің қызметкері Р.Бақытова «Туристік-өлкетану және экологиялық қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында үздік насихаттағаны үшін» ІІ орынды иеленді.

Рәсімге қатысқан ауданның атқамінерлері де марапат иелерін құттықтап, әрдайым осы биіктен көріне берулеріне тілектестіктерін білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар