Гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық ғылымдары негізінде халықаралық PISA (Programme for International Student Assesment) бағдарламасына сәйкес, оқушылардың біліктілігі мен іскерлігін зерттеуге арналған III облыстық «Күрделіні оңайлату – 2016» («Просто о сложном – 2016») зияткерлік-зерттеушілік олимпиадасына М.Мәметова атындағы орта мектептің шәкірттері қатысты. Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында оздырылған бұл білім сынағында аудан намысын Айым Хамидолла (5 сынып), Батыржан Нұрлан (6 сынып), Тәуке Пайызов (7 сынып), Римма Шәкіржановалар (8 сынып) қорғады.
Төрт айналымнан тұратын олимпиада барысында оқушылардың сауаттылығы және (Күрделіні оңайлату) жаратылыстану-математикалық ғылымының негізгі заңдары мен принциптерін эксперимент арқылы оңай ұғынып, түсінулері бағаланды. Айта кету керек, тапсырмалар жас ерекшеліктеріне қарай екі деңгейлі болды.
Үш күнге созылған олимпиадада математикадан Римма Шәкіржанова (мұғалімі Р.Есімова), жаратылыстанудан Айым Хамидолла (мұғалімі Б.Лұқпанова) ІІ орынды еншілесе, Батыржан Нұрлан (мұғалімдері Д.Дәулетова, Б.Лұқпанова) Дипломмен марапатталды.
Зинұр МҰХТАР,
аудандық әдістемелік кабинет әдіскері.