22.05.2016, 0:29
Қараулар: 414
Бисендіктердің белсенділігі өзгелерге жұғысты болса ғой

Бисендіктердің белсенділігі өзгелерге жұғысты болса ғой

г-332Бисен ауылдық округінің әкімі Қайырсапа Саматов ауылдық мәдениет үйінде өткен тұрғындармен кездесу жиынында тазалық мәселесіне айрықша назар аударды. Жылдағы үрдіс бойынша ол тазалықтан басқа, мал бағылымы, жайылымы, жем-шөп дайындау науқанына әзірлік, мал моласын реттеу сынды жайларды да сөз етті. Сонымен қатар, осы жиында ветеринар мамандардың, ауыл полицейінің есебі тыңдалды.

Иә, ықылым заманнан шаруа адамы көктем шыға күйбең тірлікке кіріседі. Осындай жайлар біздің ауылда да көрініс табуда. Мекемелер әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырып, ғимараттарды әктеп-сырлап, ауыл адамдары да өз баспаналарының маңын түрлі қалдықтардан тазартып, гүл егіп, терек отырғызып, туған жерді абаттандыруға өз үлестерін қосуда. Мектеп оқушыларынан құрылған «Жас көмекшілер» ерікті топтары да, әлеуметтік қызметкерлер де жалғызілікті жандардан өз көмектерін аямауда. Жақында ардагерлер саябағына тағы да тал-теректер отырғызылды. Бір сөзбен айтқанда, әрқайсысы туған өлке тазалығына белсене кірісуде. Жалпы, мұнтаздай таза көшелер, самаладай жарқыраған шамдар, ақ маржандай тізілген үйлер тек көзді қызықтырып қана қоймай, жас буынның бойында туған елге, жер-анаға деген құрметін арттырары сөзсіз.

Реті келгенде айта кетелік, тазалық мәселесін аудандық «Орда жұлдызы» газеті де орынды көтеріп отыр. Ауылдар ауданға қарап бағыт түзейді, білмегенін үйренеді. Ал, тәртіп пен тазалық болмаған жерде мәдениетті өмірдің қалыптасуы да екіталай. Мұны үлкен-кіші естен шығармағаны абзал.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.

Бисен ауылы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар