28.05.2016, 11:49
Қараулар: 214
Ашық диктант

Ашық диктант

Биылғы 18 мамырда еліміздің барлық облыстарында, қалалары мен аудан, ауыл округтері орталықтарында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде жалпықазақстандық ашық диктант шарасы оздырылды.

 

Ол тек аудан орталығындағы ғана емес, барлық ауылдық және мектеп кітапханаларында өткізілді. Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат еткен «Мәңгілік ел» патриоттық актісі» тақырыбында ашық диктант ауданымыздағы этномәдени бірлестіктер, жастар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және басқа да ниет білдіргендер, барлығы – 150 адам қатысты.

Жасыратын несі бар, өмірдің өзі күнде сынақ қой. Ал, сол сындарлы сәттерден сүрінбей өту үшін сауаттылық пен жауаптылықтың алар орны орасан.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.