19.07.2016, 19:03
Қараулар: 207
Пандус стандартқа сай ма?

Пандус стандартқа сай ма?

SAMSUNG CAMERA PICTURES«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс».

 

(ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан).

Қоларбаға таңылған мүгедектер баратын жерге (мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тиісті стандартқа сай пандус (көлбеулік) салу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы істі қадағалау үшін арнайы штаб жасақталып, оның жанынан комиссия құрылған. 13 шілде күні құрамында аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Еркеғалиев, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің маманы Б.Кенжеғалиев бар комиссия мүшелері аудан орталығындағы пандустардың стандартқа сай келу мәселесіне қатысты «Қазпошта» АҚ аудандық филиалы, аудандық білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, аудандық ветеринария бөлімі мекемелерін аралап, олардағы пандустардың стандартқа сәйкестігін тексерді. «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінде пандус тым қысқа әрі тік болғандықтан оны қайта жасау керектігі мекеме басшысына міндеттелді. Ол өз кезегінде бұл мәселе келесі жылдың күрделі жөндеу жобасына енгізілетіндігінен хабардар етті. Аудандық ветеринария бөлімінде пандус мүлдем салынбапты. Сондай-ақ, кейбір мекемелердегі пандустардың қолтұтқаларының (поручень) арақашықтығы мен көлбеулігі стандарт талабынан ауытқығандығы анықталды. Аталмыш мекеме басшыларына айтылған сыннан көп кешіктірмей нәтиже шығару тапсырылды.

А.ХАМЗИН.