26.07.2016, 15:49
Қараулар: 297
«Victorу» Еnglish Club үйірмесі ашылды

«Victorу» Еnglish Club үйірмесі ашылды

Жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы орны жоғары болмақ. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында да ағылшын тілін үйретуге айрықша мән берілуде. Қазақстанда мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдерін меңгеру, үш тілділік мәселесі кең етек алып келеді. Ана тіліңді – мемлекеттік тілді білу міндетің. Орыс, ағылшын тілдері – халықаралық қатынас құралы, кәсіпкерлік тіл. Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы бизнеспен шұғылданатындар арасында үш тілділікті өрістету мақсатында Сайқын ауылының тұрғыны, ағылшын тілінің маманы Ақжүніс Нұрлановамен хабарласып, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кеңестер беріп, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырған-ды.

Осыдан кейін ол «бизнес-кеңесші» семинарына қатысып, сертификат алды да, мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Victorу» Еnglish Club атты ағылшын тілін үйрету үйірмесін ашты. Қазіргі кезде Ақжүніс Жандарбекқызы Ы.Берғалиев көшесіндегі №2 үйді жалға алып, балаларды шет тіліне баулуды бастап кетті. Жас кәсіпкердің мұндағы мақсаты – ниет еткен ауылдастарын шет тілде еркін сөйлеуге үйрету арқылы қолға алған ісінің де аясын кеңейту.

Жақсылық МҰСАҒАЛИЕВ,

кәсіпкерлер палатасы аудандық филиялының кеңесшісі.