26.07.2016, 17:07
Қараулар: 382
«Кіндік шешеге» құрмет көрсетілді

«Кіндік шешеге» құрмет көрсетілді

Кеше аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен сайқындық зейнеткер Зура Тәшімованы мерейлі 75 жасқа толуына орай қабылдап,  құрмет көрсетті.

 

Нұрлан Сағынтайұлы кезінде жарық дүниеге келген  жүздеген шаранаға кіндік шеше болып, ана мен бала денсаулығын қорғауға айшықты үлес қосқан, өзі де сүйікті жар, ардақты ана атанған аяулы жанға ізгі ниетін білдіріп, қазақы дәстүр бойынша камзол мен ақ жаулық тарту етті. Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, аудандық аурухананың бас дәрігері Әділгерей Ғаббас және аудан әкімі  аппараты басшысы Ержан Айтқалиевтер мерейтой иесін туған күнімен қызу құттықтап, деніне саулық, отбасына бақыт, ұзақ ғұмыр тіледі.

 

Өз тілшімізден.