31.08.2016, 16:20
Қараулар: 234
Қаржы мониторингі субъектілері назарына

Қаржы мониторингі субъектілері назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізумен байланысты, қаржы мониторингі субъектілері тізімінің кеңейтілгені туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылды:

-лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

-ломбардтар;

-бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

-жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

-төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес, комитетке қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында комитетпен түсіндіру шараларын, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды өткізу жоспарланып отыр. Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерінен [email protected], [email protected] электрондық мекенжайларына келесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә, телефон нөмірлерін жолдауды сұраймыз.

Кездесудің күні және уақыты туралы ақпарат сіздердің көрсеткен байланыс деректеріңізге қосымша хабарланады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.