2.09.2016, 10:47
Қараулар: 370
 » 
Үш округке әкім сайланды

Үш округке әкім сайланды

Аудан әкімінің 18 шілдедегі мерзімінен бұрын шығып қалған ауылдық округтер әкімдерінің орнына сайлау тағайындау туралы шешіміне сай 25 тамыз күні аудандық мәслихат депутаттары Сайқын, Орда, Мұратсай ауылдық округ әкімдігіне өз кандидаттарын ұсынған үміткерлердің арасынан таңдау жасады.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында оздырылған шараны аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Л.Т.Қайырғалиева ашып, сайлау тәртібін қайыра еске салды. Айта кетелік, бұл сайлауға комиссия мүшелері де, мәслихат депутаттары да 100 пайыз қатысты. Бәрі заңға сай өтті.

Сайқын ауылдық округі бойынша дауысқа түскен үміткер А.Аманғалиев – 2, М.Аққалиев – 10, Орда ауылдық округі бойынша М.Сисенов – 10, Ж.Ташуов – 2, Мұратсай ауылдық округі бойынша С.Қапезова – 7, И.Құрмашев – 5 дауыс алды.

Іске сәт, жаңа әкімдер!

 

Аудандық сайлау комиссиясының хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 24 сәуір 2013 жылғы №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының» 57, 59 тармақтарына сәйкес 2016 жылғы 25 тамызда өткен сайлау нәтижесі бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен:

Қапезова Сымбат Рафхатқызы – Мұратсай ауылының тұрғыны, ұлты қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі – Мұратсай ауылдық округінің;

Сисенов Медет Исаұлы – Хан Ордасы ауылының тұрғыны, ұлты қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі – Орда ауылдық округінің;

Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы – Сайқын ауылының тұрғыны, ұлты қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі – Сайқын ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Л.ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,

аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы.