6.09.2016, 16:12
Қараулар: 264
«Үздік ұйым – 2016»

«Үздік ұйым – 2016»

р-013Балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру саласындағы тиімді бағдарламаларды анықтау мақсатында «Жазғы сауықтыру демалысының үздік ұйымы» атты облыстық сырттай байқауы өткізілген-ді.

 

Соған қатысқан аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанындағы «Арай» стационарлық туристік-сауықтыру лагері (меңгерушісі    Айшагүл Ерғалиева) жүлделі ІІІ орынды иемденіп, «Үздік ұйым – 2016» кубогі мен облыстық басқарма басшысының дипломын иеленді.

Айта кетелік, біздің ұжым үшін бұл жаз нәтижелі болды. Жуырда өткен аудандық педагогикалық тамыз мәслихатында білім беру бөлімі басшысы Ержан Иманбаев та еңбегімізді бағалап, лагерімізді «Оқушылардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастырғаны үшін» дипломымен марапаттап, сыйға заманауи теледидар тарту етті. Мұның барлығы уақытпен санаспай, келген демалушылардың көңілінен шығып, әр сәтін тиімді ұйымдастырған ұжымның жетістігі. Әрдайым тек биік шыңдардан көріне берулеріне тілектестік білдіріп, «Арайдың» әр күні арайлы болсын демекпіз.

 

Н.ХАЛИОЛЛИНА,

лагерь тәрбиешісі.