23.09.2016, 15:17
Қараулар: 220
Құрбандыққа екі түйе, бір сиыр…

Құрбандыққа екі түйе, бір сиыр…

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтты сайқындықтар биыл да ұйымшылдықпен қарсы алды. Аудандық мешітте оқылған айт намазына қатысушылар қарасы да жылдағыдан көп болды. Жамағатты ауданымыздың бас имамы Назымбек Иманғалиев, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева құттықтап, ниеттерінің қабыл болуларына тілек білдірді.

Құрбан айттың үш күнінде мешітте Алла ризалығы үшін екі түйе, бір сиыр, отыз бес қой шалынды,  олардың еті аз қамтылған отбасыларына үлестірілді.

Д.ӘЛИЕВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар