27.09.2016, 16:56
Қараулар: 237
Әкім қабылдауы

Әкім қабылдауы

%d0%bd%d2%b1%d1%80-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d1%8d%d0%bc%d0%b1%d0%bb%d0%b5%d0%bc%d0%b0«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында (М.Бегалиева көшесі, №4 үй) қоғамдық қабылдау өткізу кестесіне сай аудан әкімі Н.Рахымжанов келушілерді қабылдады.

 

М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте лаборант болып жұмыс істейтін азаматша Алмагүл Қалапова алтыншы сыныпта оқитын қызы екеуі 18 пәтерлік үйде уақытша тұрып жатқанын, жеке баспанаға ие болғысы келетінін айтса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен ақылы қоғамдық жұмыста жүрген көп балалы жалғызбасты әйел Венера Шыниязова тұрақты жұмысқа орналастыруды сұрады. Зейнеткер Темірхан Мырзағалиев қаладағы жұмысынан босап қалған тұлдыр жетім бауыры Назерке Қайырханқызына (туған інісінің қызы) ауылдан жұмыс тауып беруге көмектесуді өтінді.

Аудан басшысы қабылдауға келгендерге мүмкіндігіне қарай жәрдемдесуді тиісті сала басшыларына тапсыратынын айтып, мән-жайды терең түсіндірді.

А.ЖҮНІСОВ.