27.09.2016, 17:14
Қараулар: 210
Қайырымдылық көрсетілді

Қайырымдылық көрсетілді

%d0%b0-102-2Қайырымдылық шараларынан шет қалмайтын ұстаздар қауымы жыл сайын «Мектепке жол» акциясына белсене атсалысады. Биыл да мектеп мұғалімдері 61200 теңге қаржы жинап, оған мектеп формалары мен спорттық киімдер алып, көп балалы, жартылай жетім, аз қамтылған отбасыларға үлестірді. Акцияға техникалық қызметкерлер де бір кісідей қолдау білдірді.

Ауылымызда аталмыш акцияға араласып, қайырымдылық танытушылар қатары жыл санап артып келеді. Оған жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы жетекшілері А.Кәукешевтің Р.Сариевтің отбасына 60000, Ж.Еділбаевтың Г.Еділбаеваның отбасына 40000, Е.Меңдешевтің М.Ибрайымовқа 40000, Қ.Неғыметовтің Д.Тілебалиевке 35000, Б.Ижановтің А.Мұраталиевтің отбасына 30000, А.Бияшеваның А.Насыровқа 6000 теңге бергені айқын дәлел.

Ауылдық мәдениет үйінде оздырылған шараға ауылдағы барлық мекеме ұжымдары түгел қатысып,  оқушыларға мектеп формалары мен оқу құралдарын табыстады.

Жетімін жылатпай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен дәстүріміз қанымызға сіңіп, жалғасын таба бергей! Көмек қолын созған әр жанға Алланың нұры жаусын.

 

 

Әлия ТІЛЕПОВА,

Б.Жәнекешев атындағы

орта мектеп психологі.