12.10.2016, 17:51
Қараулар: 261
Мың көшет отырғызылды

Мың көшет отырғызылды

«Артыңда бір ісің қалсын десең, тал-терек ек»-деп, бұрындары үлкендер өз өнегелі істерін кейінгілерге үлгі етіп отырған. Кешегі сенбіде өздері туып-өскен ауылдарын көгалдандыру мақсатында сайқындықтар сенбілікке шығып, көшеттер екті. Тайыр Жароков, Мәдина Бегалиева және Бисен Жәнекешев көшелерінің бойына жалпы саны мың түп көшет отырғызылды. Бұл ізгі іске аудан орталығындағы 52 мекеме ұжымы түгел қатысты.

Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.