26.10.2016, 11:42
Қараулар: 308
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері  

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері  

А-12БЖЗҚ-ның әрбір 4-ші салымшысы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдады.

 

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,5 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 668 млрд.теңгеге немесе 11,5% артты.

 

2016 жылдың 9 айында түскен зейнетақы жарналарының сомасы 510 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару жүзеге асырылуда. Осылайша, 2016 жылдың тоғыз айында мұндай қайтарулардың жалпы сомасы 145,7 млрд.теңгені құрады.

 

2016 жылдың тоғыз айында салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 432,57 млрд. теңге.

 

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйек аралығында БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық құнсызданудың 5,6% деңгейінде 7,3% құрады.

 

«БЖЗҚ» АҚ сайтына (www.enpf.kz) жүйелі түрде инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат орналастырылады және инвестициялық қызметке шолу жасалады.