14.12.2016, 15:07
Қараулар: 219
Егемен елдің ертеңдері

Егемен елдің ертеңдері

Өткен сенбіде ҚР Тәуелсіздігінiң 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы ғимаратында әр салада еңбек етіп жүрген Тәуелсіздік жылдарының төлдері дөңгелек үстелде бас қосып, ел егемендігінің өскелең ұрпаққа сыйлаған бейбіт те тату-тәтті тірлігі жайында келелі әңгіме өрбітті.

 

Алдымен сөз бастаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков бүгінгі шырайлы шаққа оңайлықпен жетпегеніміз турасында қатпарлы тарих парақтарынан сыр ақтарса, аудандық «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жалғас Әшенов пен аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Исатай Құрмашев қатысушыларды тақырыпқа сай білген-түйгендерімен бөлісіп, ашық ой алмасуға шақырды. Бұл шараның маңызына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірген сөйлеушілер өз қызметтері барысын, мерекені қалай қарсылап жатқандарынан хабардар етті.
Иә, «Жас толқын – жаңа күш» демекші, олардан заманауи леп, жарқын идеялар мен нәтижелі іскерлік күтілері хақ. Алдағы кемел келешектің алып тұтқасы да осы замандастарымыздың еншісінде. Ендеше, сол сенімге лайықты болуға бар қайрат-жігерімізді жұмсағанымыз абзал.

Г.БАДЕЛОВА.