14.12.2016, 16:10
Қараулар: 221
Алаш айбыны асқақтаған сәт

Алаш айбыны асқақтаған сәт

16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған Тәуелсіздігімізге, міне, 25 жыл толуда.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі. Ол – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. 25 жылда еліміз жеткен жетістіктер қаншама?! 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңгеміз айналымға шықты. 1995 жылдың 30 тамызында халықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару формасындағы республика ретінде бекітті. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданып, 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

1997 жылы «Қазақстан – 2030» атты ұзақ мерзімді даму стратегиялық бағдарламасының қабылданғаны белгілі. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шетелдермен екі арадағы шекара бекітілді. Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, т.б. беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. Бұл, сөз жоқ Елбасымыздың көрегендігінің, сарабдал саясатының арқасы. Сондықтан да халқымыз оны ұлт көшбасшысы санайды. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 мемлекеттің қатарынан орын алатынына бек сенеді.

Асхат АТАЕВ,

аудандық әділет

басқармасының басшысы.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар