Тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай аудандық сот ұжымы аз қамтылған сайқындық Жадыра Мұташеваның үйінде болып, оған азық-түліктен көмегін ұсынды. Отағасының қазасынан хабардар заң қызметкерлері Жадыраның тұрмысы мен төрт бүлдіршінінің жағдайына қанықты.
–Мұқтаж жандарға қол ұшын созу – олар үшін бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан қажет. Әсіресе, балаларын жалғыз өзі бағып-қағып отырған осындай жалғыз басты аналар үшін мына қиын заманда өзін қараусыз қалғандай сезінбеуі көңілге үлкен демеу. Ал, біз оларға моральдық және материалдық тұрғыдан көмектесуге қашан да дайынбыз, — деді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Зияш Зайноллина.
Р.ЖАНАТҚЫЗЫ.