4.01.2017, 12:09
Қараулар: 325
Жас ұстаз жеңісі

Жас ұстаз жеңісі

Күні кеше ғана аудан жастары бас қосқан форумда үздіктер қатарынан көрінген Қалампыр Құнанова (сол жақтан екінші) Саралжын ауылындағы Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің бейнелеу өнері пәні мұғалімі. Аудандық форумда «Жылдың үздік мұғалімі» аталымын иеленген жас маман облыста да жүлдегерлер сапынан орын алған-ды.

–Облыстық «Жыл үздігі – 2016» БҚО жастар сыйлығы байқауында не бары үш мұғалім финалға жолданды. Бас жүлдені Н.Ә.Назарбаев мектебінің мұғалімі иеленді. Жұмысымның портфолиосын жасақтап, сайысқа жіберген болатынмын. Шыны керек, осы үштіктіктің ішіндегі финалистердің бірісің деген шақырту келгенде қатты қуандым. Осында «Үздік жас ұстаз» аталымының дипломанты атануым да тәжірибесі мол әріптестерімнің арқасы. Аудан атынан мені облысқа ұсынған аудандық білім беру бөліміне, ұйымшыл ұжымыма мың алғыс,-дейді суретші қыз бізбен әңгімесінде.

Алар асуың мен бағындырар белесің қашан да биік болсын, Қалампыр!

Г.БАДЕЛОВА.