4.01.2017, 12:15
Қараулар: 370
Кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

%d0%b2-26Бүгінгі күні билік пен бизнестің өзара байланысы, қарым-қатынасы жоғары деңгейде деуге толық негіз бар. Жақында аудан кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік жиында аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов өңіріміздегі кәсіпкерлік саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова мен Ұялы ауылдық округінің кәсіпкері Ләйла Қаженоваға облыс әкімі Алтай Көлгіновтің Алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар мұнда төрт кәсіпкер түрлі аталым бойынша мадақталды. Тарқатып айтар болсақ, сайқындық Света Оразова «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз қосқан өзіндік үлесі үшін» аудан әкімінің, бисендік Арон Кәукешев «Әлеуметтік сала бойынша көп жұмыс орнын ашқаны үшін» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сайқындық шаштараз Раушан Жүнісова «Халыққа тұрмыстық қызмет көрсеткені үшін» аудандық кәсіпкерлік бөлімінің, ал, сайқындық такси жүргізушісі Әзімбек Иманғалиев «Жас кәсіпкер» атанып, аудандық «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің марапатына ие болды.

–Еңбектерің жана берсін, жерлестер!-дейміз біз оларға.

А.АҚМУРЗИН.