24.01.2017, 23:13
Қараулар: 291
Өтірік ақпардың өкініші көп

Өтірік ақпардың өкініші көп

а-330Жалған терроризм – тұрғындар арасында шу туғызып, қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған жағымсыз әрекет. Әрбір терорризм дерегі бойынша құқық қорғау және арнайы қызмет органдары ықпалдаса шаралар жүргізуі тиіс. Хабарламаларды анықтау барысында мекемелерді көшіріп, оқу және өндіріс процестерді тоқтата тұруға тура келеді. Яғни, мемлекетке елеулі материалдық шығын келтіріледі.

Жалпы статистикаға сүйенсек, жалған террористік акт туралы хабарды көбінесе ішімдікке тойған мастар, жастар мен кәмелетке толмағандар береді екен. Бұл – бұзақылық, өзін қоғамға қарама-қарсы қою, алдамшы ойын көрсету болып табылады. Оны істейтіндер кейінгі салдарын, сол үшін жазаланатынын ойланбайды.

Адамдардың өміріне қатер, елеулі мүліктік зиян келтіру мақсатында дайындалып жатқан жарылыс, өрт немесе қоғамдық қауіп туғызар басқа да әрекеттер туралы өтірік ақпарат, яғни, терроризм актiсi туралы жалған хабар үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабының талаптарына сай, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады және іздеу шараларына жұмсалған, қызметі тоқтап қалған ұйымдар мен кәсіпорындарға келтірілген материалдық зиян өндіріліп алынады. Сондықтан қалжақбастардың «Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген халқымыздың нақылын қаперден шығармағандары абзал.

Н.САМАТОВ,

 аудандық прокуратураның прокуроры.