24.01.2017, 23:26
Қараулар: 401
 » 
Филиал төрағасы қабылдады

Филиал төрағасы қабылдады

г-599Кестеге сай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында филиал төрағасы, аудан әкімі Н.Рахымжанов қоғамдық қабылдау өткізді.

 

Оған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Еркеғалиев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Насимоллин қатысты. Бұл күнгі қабылдауға алты адам келді. Мысалы, Нұргүл Сәрсенәлиева тұрғын үй және материалдық көмек беруді сұрады. Үй кезегін түсіндіру Б.Насимоллинге жүктеліп, материалдық көмек ақпан айына белгіленді. Тұрғын үйге кезекке тұру жөнінде кеңес сұраған өзге де төрт адамға Б.Насмиоллин, жұмыс және материалдық көмек сұраған Л.Жұмағалиеваға Ж.Еркеғалиев түсінік берді.

Әкім өз тапсырмаларының орындалуы бақылауда болатындығын айтты.

 

«Ардагерлерді ардақтайық!»

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, аудандық аурухана хирургі Серік Нүркенов, медігер (медбрат) Саят Сағынов «Ардагерлерді ардақтайық!» атты партиялық жоба аясында 82 жасар еңбек ардагері, жалғызілікті сайқындық Егінғали Мақсотов қарияның баспанасында болып, хал-жағдайын сұрап, қан қысымын өлшеп, денсаулығын тексерді. Шаңырағына арнайы бас сұққан ел азаматтарына ардагер шексіз алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

А.ЖҮНІСОВ.

Суретті түсірген Д.ТАҢАТАРОВ.