28.02.2017, 12:17
Қараулар: 363
«Жедел жәрдем» һәм дәрігерлер

«Жедел жәрдем» һәм дәрігерлер

в-109Орда ауылдық округі территориясы өте үлкен. Адам баласы болған соң ауырып-сырқары анық. Осындайда «жедел жәрдем» машинасының сақадай сай болғаны жақсы ғой. Ауылдағы дәрігерлік амбулаториядағы «жедел жәрдем» көлігінің тізгіні көршім Хайыр Кекеновтің қолында. Ол ескі машинаны жөндеп, майлап-сайлап, әрдайым жүруге әзірлеп, ауласының төріне қояды. Ауылдың ішіне мүлдем айдамайды, жеке машинасын пайдаланады. Егер көліктің тізгіні жас жігіттердің қолына тисе, сартылдатып шауып, алыс жолдарға жарамай қалар ма еді?! Жастайынан механизатор, шофер, трактор бригадасының бригадирі болып істеп, техниканы жетік меңгерген Хайырдың арқасында тозығы жеткен осынау техника әзірге кәдеге жарап тұр.

…Ақпанның 5-і  (жексенбі) күні жұбайым Жаңыл қатты сырқаттанып қалды. Терапевт-дәрігер Орынғаным Баяхатова, мейірбикелер Галя Қазиева, Айнұр Ибрашева, Бақытжамал Төлешевалар қарап, түннің бір уағында боранға қарамастан «жедел жәрдем» машинасымен аудандық ауруханаға алып кетті. Онда дәрігерлер Әлімжан Жұмағалиев, Балжан Мұратовалар қабылдап, ем-домдарын жасады. Қазір тәуірленіп келеді.

Жоғарыда аты-жөні аталған ақ халатты абзал жандар мен «жедел жәрдем» жүргізушісіне жанұямның атынан мың сан рахмет айтамын. Жұмыстарың жемісті, дендеріңіз сау болып, алғысқа бөлене беріңіздер.

Сейсен БАЙЗОНОВ,

зейнеткер.

Хан Ордасы ауылы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар