15.03.2017, 1:51
Қараулар: 237
Акция аясындағы айшықты шара

Акция аясындағы айшықты шара

???????????????????????????????

Облыс кәсіпкерлері бастамасымен көктемнің алғашқы күні-ақ қолға алынған «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында кәсіпкер, дүкен иесі Шынар Хайрошева сайқындық аз қамтылған 20 отбасына азық-түлік таратты.

Әріптестерінің үндеуіне алғашқылардың бірі болып қосылған, әркез барға қанағат қылып, артылғанымен бөлісуді өзіне парыз санайтын Шынар Зинелқызы кәсіпкерлікке кілтті осы жерден тапқан екен. Аталмыш шараны ашқан Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Мәдина Еркеғалиеваның мәлімдеуінше, бұл қайырқом жан өткен жылы да көмекке мұқтаж біраз жанұяға қолұшын созып, алғыс арқалапты. Сонымен қатар, әкімдік маманы аталмыш тізімге енгендерге «Қазақстан елім» ЖШС-і (басшысы Кәмила Қуат) Орал қаласына жүретін автобусқа тегін жолақы (бір жолға) ұсынбақ ниетте екендіктерін жеткізді.

Айта кетелік, осы жолы әлгінде айтқан бір қапшық астық, 5 келі қант пен 4 келі макарон алғандар қатарынан сөз алған Гүлсара Сертекова мен Айзада Саматовалар өздеріне көрсетілген көмек үшін ризашылықтарын білдірді.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар