Астана қаласында өткен «Струнная капель – 2017» жас бард әншілерінің аймақтық фестивалі оздырылды.
Өмірлік пәлсапаны өлең жолдарымен өріп, әсерлі сазбен әрлейтін бұл жанр әркез тыңдаушысын тамсандырып, терең ойға жетелеумен ерекшеленеді. Әдеби музыкалық жанрдың ерекше түрі ретінде бард әндері фестивалінің басты мақсаты авторлық әнді насихаттау болып табылды.
Батыс Қазақстан облысының командасы құрамында А.Құсайынов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы, аудандық, облыстық бард әндері байқауларының жеңімпазы Нұргелді Ғұмар (жетекшісі Бекжанов Қайрат Жұмагелдіұлы) қатысып, Табылды Досымовтың «Сәйгүлік» әнін орындап, «Қазақ ақындарының әндері» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды. Осылайша, жас дарын «Орда – өнерлілер өлкесі» екенін тағы бір дәлелдеді.
Айта кетелік, жас орындаушы аталмыш фестивальға аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы атынан жолданды.
Ерден ӘМЕНОВ,
аудандық балалар-жасөспірімдер
туризмі және экология орталығы әдіскері.