25.04.2017, 12:54
Қараулар: 409
Үйірмеден үйренген үлгілер

Үйірмеден үйренген үлгілер

Аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығында ұйымдастырылған авто және әуе үлгілері спорттық жарысына  Мұратсай, Бисен, Бөрлі, Хан ордасы, Ұялы, Сайқын ауылдарындағы балалар техникалық шығармашылығы  үйірмелерінің мүшелері қатысты.

«Авто үлгілері» жарысында (РЦБ класы, 1:10 масштаб) көлік үлгілерін мәнерлеп жүргізуде 1-орын Шерхан Вялыхтың (Жәңгір хан атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, жетекшісі Т.Ғайсин), 2-орын Азамат Насыровтың (АБТШО, жетекшісі Ә.Махимов), 3-орын Әлішер Талғатұлының (9-сынып, М.Бегалиева атындағы орта мектеп, жетекшісі Т.Садықов) еншісіне тисе, «Авто үлгілерінде» Бахтияр Жұмаш (6-сынып, М.Бегалиева атындағы орта мектеп, жетекшісі Т.Садықов) дипломмен марапатталды.

Багги (4 wd класы, 1:10 масштаб) бойынша көлік үлгілері жарысында 1-орынды Жантөре Рахметоллин (8-сынып, М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп, жетекшісі Е.Қуаншалиев), 2-орынды Әділет Шүкірғалиев (АБТШО, жетекшісі Ә.Махимов), 3-орынды Әлихан Ізбасқан (6-сынып, А.Құсайынов атындағы орта мектеп, жетекшісі А.Әменов) иеленді.

«Әуе үлгілерінің» лақтырғыш планер класында 1-орынға Қолғанат Қайрауов (10-сынып, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп, жетекшісі Ә.Сәрсенғалиев), 2-орынға Талант Уәлиев (9-сынып, Жәңгір хан атындағы орта мектеп, жетекшісі Т.Ғайсин), 3-орынға Ақниет Ғалымжанов (АБТШО, жетекшісі Н.Мұстафин) шығып,  схемалық резиномотор класы бойынша 1-орынды Мирас Сағынғали (АБТШО, жетекшісі Н.Мұстафин) қанжығасына байлап, 2-орынға Бекнұр Қонақбаев (11-сынып, М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп, жетекшісі Е.Қуаншалиев) табан тіреді. Ұшқын Еслямғалиев (9-сынып, Б.Жәнекешев атындағы орта мектеп, жетекшісі Ә.Құрақов) 3-орынды қанағат тұтты. Жеңіс Шәріпке (АБТШО, жетекшісі М.Сабыров) диплом табысталды.

Айта кетелік, аудандық жарыстардың жеңімпаздары маусым айында өтетін облыстық кезеңге қатысады.

Миржан САБЫРОВ,

АБТШО директорының орынбасары.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар