10.05.2017, 14:48
Қараулар: 473
«Мың тағзым сіздерге, майдангерлер!»

«Мың тағзым сіздерге, майдангерлер!»

в-198

М.Мәметова атындағы орта мектеп кітапханасында 4 «а» сыныптықтарға (жетекшісі Нұргүл Ғайсина) Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына орай «Мың тағзым сіздерге, майдангерлер!» атты тәрбие сағаты оздырылды. Камила Шәкірова, Тамерлан Асылбеков майдангер жерлестеріміздің өмірі мен ерлік істері туралы баяндамалар жасаса, Виктор Машканов С.Жиенбаевтың «Әлия», Әсемай Асқар Н.Айтовтың «Нүркен Әбдіров», Жанерке Сұлтаниярова Қ.Жұмағалиевтың «Мәншүк», Дильназ Тимурқызы Е.Өтетілеуовтың «Талғат» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Кеңес Одағының батыры атағын иеленген жерлестеріміз М.Мәметова, А.Құсайынов, Т.Масин туралы да айтылып, «Біздің өлкенің қаhарман батырлары» атты пікірталас өткізілді. М.Мәметованың балалық шағынан бастап соғысқа сұранып аттанған кезеңін қамтыған «Ерлігі өшпес мәңгілік» және «Т.Масиннің өнегелі өмірі», «А.Құсайынов. Жұлдызы биік жауынгер» атты буклеттермен таныстырылды. Аружан Жасұланқызы «Мәншүк монологын» жатқа айтып, «Катюша» биі биленді.

Майдангерлер ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

 Жанаргүл ҒАББАСОВА,

мектеп кітапханашысы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар