2.06.2017, 14:30
Қараулар: 277
Бүлдіршіндермен кездесу

Бүлдіршіндермен кездесу

 

Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналып аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастауымен қайырылымдылық акциясы оздырылды. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Еркеғалиев қатысты.

Шара барысында сөйлеген Тілеген Керейұлы біздің келешегіміздің тірегі осы кішкентай балдырғандар екеніне тоқталып, олардың болашақта ел мен жеріне адал қызмет ететініне сенім білдірді, сыйлықтар табыстады. Жанғуат Жұмарыстанұлы осында тәрбиеленіп жүрген бүлдіршіндермен тілдесіп, олардың түрлі сұрақтарына жауап қайтарды.

 Бала біздің болашағымыз, өскелең елдің өркені. Сондықтанда балаларымызды аялай білейік.

Әділет Әбдіров.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар