2.06.2017, 14:34
Қараулар: 425
Кезектен тыс пленум

Кезектен тыс пленум

 

в-232

30 мамыр күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы оздырылды. Күн тәртібіне алдымен өз өтінішімен қоғамдық қызметінен босаған Ерболат Мұратовтың орнына төраға сайлау мәселесі қойылды.

Бірінші болып сөз алған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов Ерақаңның аз уақыт ішінде біркелкі істерді қолға алғанын, әсіресе, бұрынғы М.Мәметова атындағы шаруашылықтың 60 жылдығын атап өтудегі белсенділігін айта кетті. «Осы жазда Ақсайдағы ұлына барып, олардың баспана тұрғызуына жәрдемдесу ниетін көлденең тартқан ақсақал қоғамдық қызметінен босатуды сұрап отыр. Мен көмекшілеріммен ақылдаса әрі өз ризашылығын ала отырып, аудандық ардагерлер кеңесі төрағалығына сайқындық зейнеткер Иманбай Машотовтың кандидатурасын ұсынудамын»,-деп оның өмір баянымен таныстырды.

Сөйлеушілер пленум мүшелері Болат Лұқпанов, Ноқаш Қадымов, Чарльз Қойшыбаев, Гүлжан Бисекенова, Марат Қадешев И.Машотовты жақсы білетіндіктерін, техникум бітіріп келіп, ауылда еңбекке араласқан оның тек жақсы жақтан көрінгенін, жол учаскесі мекемесін де басқарып, соңғы қызмет орны су құбырында жүргенде аудандық мәслихат депутаты болғанын да қамтыды. Сондықтан да болса керек пленумға қатысушылар бұл ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 16 маусымда ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына арналған облыстық жиынға делегат (И.Машотов) сайланды.

Дәулет ӘЛИЕВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар