4.07.2017, 12:23
Қараулар: 252
Жасай бер, Елорда!

Жасай бер, Елорда!

а-519

Әлемнің барлық мемлекетінің ең үздік техникалық, ғылыми, мәдени жетістіктері көрсетілетін халықаралық көрмеден үлкен әсермен оралдық. ЭКСПО біздің мүмкіндігіміздің шекараларын кеңейтіп, орнықты даму мен халықаралық проблемаларды шешу жолын табудың жаңа көкжиектерін ашары сөзсіз.

Бұл менің  өмірімдегі ең маңызды сапарлардың бірі болды деп іркілмей  айта аламын.  Астана қаласын алғаш көруім. Өте тамаша! Қатты ұнады! Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, Сайқын ауылдық оркугі әкімі аппаратының бас маманы Бисен Қадыров үшеуміз облыс әкімінің орынбасары Асқар Өтеғұлов бастаған делегация құрамында барған едік. Көрмеге 168 мемлекет, 18 халықаралық ұйым қатысуда. Әр елдің жаңа техникалық жабдықтары, көлік тасымалы, қызмет көрсету жүйелері, қала құрылысы, сәулет өнері тың серпін берді.

Қазақстандықтардың павильоны ұлттық бояуға қанық. Халқымыздың салт-дәстүрі, қонақжайлылық қасиеті толық көрініс тапқан. «Болашақ энергиясы» көрмесі сегіз қабаттан тұратын алып шар тәрізді ғимаратта орналасқан. Әр қабат ғарыш, күн, биомасса, жел, су, т.б. энергияға арналған. Сондай-ақ, Эйфель мұнарасымен танымал Франция бұл жолы туристік велосипедпен және сыртқы у-шуды ішіне енгізбейтін қабырғамен ерекшеленіп тұр. Үндістандықтар өз елдерінің мәдениетін, Греция пирамидасы мен күміс әшекей, естелік бұйымдарын жарнамаласа, қытайлықтардың «ақылды тоңазытқышы» әлемнің әр елінен жиналған туристерді тәнті етті. Онда тоңазытқышқа салынған тамақтардың сапасы жайлы ақпарат беріліп тұрады. Пәкістандықтар қыш құмыраларын сол жерде жасап жатты. Латын Америкасының павильонын тамашалауға кезекке тұрған туристерде қисап жоқ. Керемет! Әйтеуір, әр елдің мәдениеті, өнері, экономикасынан хабар беретін бұл халықаралық көрмені тамашалауға мектеп оқушылары неғұрлым көптеп қатысса, танымдары кеңейе түсері сөзсіз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл көрмеге келушілер үшін қалта көтеретін дастарханы да әрдайым дайын. Баршаңызға да жаңашылдыққа негіз болған «ЭКСПО – 2017» көрмесін көруге кеңес береміз.

Диляра ҒАБДОЛЛИНА,

аудан әкімдігінің  бас маманы.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар